Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Құрылыс  ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесімемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Курылыс отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрылыс ауылының негізгі орта мектебінің 2021-2022 оқу жылының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

Құрылыс ауылының негізгі орта  мектебінің 2021-2022 оқу жылының

 «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының  талдауы

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының моделі – балалардың қазіргі замандық қоғамда өз орнын табуына, Отаншылдық және азаматтық жауапкершілікті сезінуіне, еркін шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді.

    

“Жас  Ұлан”  -  өскелең ұрпақты  жоғары  рухани  -  адамгершілік құндылықтар,  демократиялық  ұстанымдарға  негізделген қазақстандық  патриотизм  рухында  қалыптасқан  ұйым. 

 

      Әрбір мемелкеттің болашағы мектебінде шыңдалатындығы өмір шындығы.Бүгінгі мектеп оқушылары ,ертеңгі ел тізгінін ұстайтын,оны алға апаратын азаматы болғандықтан мектептердің дамуымен оның ертеңгі көк жиектері тәуелсіз мемлекетімізбен қоғамның басты назарында.

       Сондықтан да оқушылар арасындағы жоспарды жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жұмыс жоспары 7 бағыт бойынша жасалынды.

        Жоспар мектептің қоғамдық беделін көтеруге,қазіргі заманғы отандық дәстүр негізіндегі тәрбие құрылымы мен мазмұнын жаңартуға , тәрбие және оқу процесіндегі үйлесімділікті қолдануға қоғамдық және отбасылық тәрбиеге бағытталған.

       Жоспар бойынша келесі бөлімдер қамтылды:

Мектеп жұмысы Жас Ұлан жұмысының орталығы ретінде: Жалпы іс-шаралар;

Мектептегі тыс ұйымдармен жұмыс;

Сынып жетекшілер,ата-аналамен жұмыс;

Мектеп психологімен жұмыс.

«Жас Ұлан» қатарына орта білім беру ұйымының кез-келген оқушысы, қоғамның дамуына үлес қосуға ниет білдірген, ұйымның ережелері мен қағидаларын қабылдайтын, оны құрметтеп, оның талаптарына сәйкес әрекет ететін ұл немесе қыз, ер бала немесе бойжеткен қабылдана алады. Ұйым екі буыннан құрылған: - «Жас Қыран» төменгі буыны — 6-10 жас аралығындағы балалар; - «Жас Ұлан» аға буыны —11-16 жас аралығындағы балалар. «Жас Ұлан» қатарына қосылу үшін төмендегілер қажет: - қатарға қосылатынның анық жазылған жеке қолтаңбасымен ұйымға қабылдау туралы толтырылған, ата-аналарымен ұлының немесе қызының «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қосылуына келісім берілгені куәландырылған өтініші;

2021-2022 оқу жылында ұйымға қабылданатын оқушылардың мәліметтер базасы жинақталды.Ұйым мүшелерімен, сыныптың Ұланбасылары мен сыныптың белсенділерінің мәліметтері алынды.

 

Жаңартылған күні: 27.11.2021 13:24
Құрылған күні: 27.11.2021 13:24

Текст