Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Құрылыс  ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесімемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Курылыс отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 қыркүйек - Білім күні

04.09.2022

1 қыркүйек - Білім күні

       Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата – аналар, қадірменді қонақтар!   Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекеңізбен  құттықтай отырып, мектеп өміріне дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2022-2023 оқу жылы «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»  тақырып аясындаға салтанатты  сап түзу бөлімі ашық деп  жариялаймыз.

Мақсаты:  жаңа оқу жылы қарсаңында жағымды ахуал, он көзқарас қалыптастыру

(Ата-аналарды отырғызу, оқушыларды сапқа тұрғызу)

 

I жүргізуші: 

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!

 

ІІ жүргізуші: 

Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!

 

І жүргізуші:

Баршаңызды 1-қыркүйек Білім күнімен құттықтай отырып, бүгінгі мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз. 

 

ІІ жүргізуші:

Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді,

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі

Көк тудың желбірегені –

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.

(Туды енгізу рәсімі)

Барлығы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.

 

І жүргізуші: 

Бүгінге мерекелік шараға балалар мен ата-аналарды және ұстаздарды Білім күнімен құттықтай келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар:

Келген қонақтардың атын атап, қызметін көрсетеді.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

ІI жүргізуші:

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.

 

І жүргізуші:

Бүгінгі мерекелік шараны салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Сентаева Салтанат Жусуповна беріледі.

 

 

II Жүргізуші:

Өмірдің бейбіт бағы гүл,

Асудан асып асқарлы

Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.

Шаттықпен шалқып толғана

Ой толқытқан жүрегін

Өмірге алмақ жолдама

Сыр шертсін енді түлегің

 

9-сынып оқушысы:

Кеше ғана аттаған,

Мектеп табалдырығын

Бүлдіршін едік бастаған

Ақ бантикті тұлымың

Иә, кеше, кеше еді,

Сәби едік балдырған

Азамат болып көшелі,

Табылмақпыз сан қырдан

Сусындап білім нұрына

Өткеріппіз он жылды

Қанығып өмір қырына,

Зердеге түйдік мол сырды.

 

9 -сынып оқушысы:

Оқыған әпке, ағаңыз,

Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

Сендердей біз де болғанбыз,

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін. 

 

 

I Жүргізуші:

Егемен елдің төсінде,

Шуағын шашсын арай ,күн

Азамат болып өсіңдер,

Қызыға жұрттар қарайтын.

 

II Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған  мектепалды тобының бүлдіршіні ортаға шақырамыз.

 

 

I Жүргізуші:

Аялар бейбіт күн нұры,

Мектебім, бізге жөргексің.

Алғашқы қоңырау сыңғыры

Ән болып сені тербетсін.

 

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылын ашқасын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын

 

II Жүргізуші:

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде

Қызмет көрсет халыққа

Шақырып өнер – білімге

 

Жаңа оқу жылы жемісті

Мерейі үстем жыл болсын

Шәкірттеріміз өрісті

Елім дер қыз бен ұл болсын.

 

II Жүргізуші:

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар 

 

І - жүргізуші:

Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған мерекелік шарамыз өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

 

ІI жүргізуші:

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Әр сынып жетекші оқушыларымен сынып сағаттарына барады.

 

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст