10.09.2022
Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Қоңыр күздің кешінде "Тіл мерекесінде" өздеріңізбен кездесіп отырмыз. Тәуелсіз еліміз үшін тіл мерекесінің маңызы жоғары. Сіздерді Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесімен құттықтаймы!!!
1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Тіл – адам ойы мен санасының жемісі, жаратылыстың аса күрделі көрінісі, қыры мен сыры мол қатынас-құралы. "Тәрбие басы – тіл" дейді Махмұд Қашқари. Жаңа оқу жылына ере келген тіл мерекесі көпұлтты мемлекетіміздің береке-бірлігін нығайта берсін!