Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Құрылыс  ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесімемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Курылыс отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні

29.11.2019

1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

ФОН: Күй

1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

1-жүргізуші:

Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

 

1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

2-жүргізуші:

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.

1-жүргізуші:

Беу, Туған жер!

Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр

 Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

2-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп

 « Егеменді Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші

Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

1-жүргізуші:

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2-жүргізуші

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

1-жүргізуші

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

2-жүргізуші
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

1-жүргізуші

Қазақ халқымыздың сәндік колданбалы өнерлері мен ұлттық дәстүріміз ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де аса маңызды болғандықтан көненің көзі болған тарихи мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру баршамыздың парызымыз деп санай отыра, оқушыларының өз шығармашылықтарымен жасаған сәндік киім үлгісін тамашалаңыздар.

Сәндікұлттық киім үлгісін көрсету

2-жүргізуші:

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

1-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,

1-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

2-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!і

 

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст