Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Құрылыс  ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесімемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Курылыс отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көрісу -Амал мерекесі

14.03.2024

Көрісу -Амал мерекесі деп те аталады. Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс

Просмотров: 208


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст